2015 жылы Қытай Жібек жолы бойындағы елдердегі туризмді ынталандыратын болады

Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі Қытай Ұлттық туризм әкімшілігі басшысының орынасары Ду Цзянның Шанхайда өткен жыл сайынғы халықаралық CITM 2014 туристік жәрмеңкесінің барысында жасаған мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

«Бұл шешім өңірлік экономикалық және инфрақұрылымдық ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған «Жібек жолы экономикалық белдеуін» және «ХХІ ғасырдағы теңіздегі Жібек жолын» дамыту бастамаларын, сондай-ақ Азиядағы гуманитарлық алмасуды жүзеге асыру мақсатында қабылданды», - деді ол.

Оның айтуынша, келесі жылы ҚХР-дың туристік саласы жоғарыда көрсетілген елдермен байланысты «Бір белдеу - бір жол» қызметін көрсетуге шоғырландырылады.


Еске сала кетейік, Шанхайда 14-16 қараша күндері өткен Халықаралық CITM туристік жәрмеңкесі Азиядағы ірі кәсіби оқиға болып табылады. Биылғы жылы оған 106 елдің өкілдері қатысты.