2015-2025 жылдарға арналған ғарыштық бағдарлама жобасында ауыр зымыран тасығышты жобалау қамтылған

«Федералдық ғарыштық бағдарлама бекітілмеді. Оны құрып жатырмыз. Таяуда оны жария етеміз. Федералдық ғарыштық бағдарламаға ауыр зымыран тасығыш бойынша жұмыстар қамтылады», дейді ол.

О.Остапенконың айтуынша, ауыр зымыран тасығышты әзірлеу екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезеңде 70-80 жүк көтергіш қабілеті бар зымыран тасығыш құрылады. Ол алдағы 20-25 жылға арналған келешек міндеттердің бәрін жабады, дейді ол.

Екінші кезеңде жүк көтеру қабілеті 120-190 тонналық зымыран тасығыш құрылады.