"Жалпы сатып алу қабілетін шамалайтын болсақ, қазірдің өзінде біз сол деңгейге жетіп отырған халықпыз. Біз еліміздің жалпы ішкі өнімін 2000 жылмен салыстырғанда 2010 жылы екі есе ұлғайтуды жоспарласақ та, оған 2008 жылы-ақ жететінімізге сенім мол. Сондықтан, біздер 2008 жылы 2000 жылмен салыстырғанда екі Қазақстан жасаймыз", деді Елбасы.