2016 жылғы бюджет кірісі бұрын бекітілген бюджетке 300 млрд теңгеге азаяды - ҰЭМ

«Болжанған ЖІӨ өсімін есепке ала отырып, республикалық бюджеттік кірістері (трансфертті есепке алмағанда) 2016 жылы 3 трлн 365,3 млрд. теңгеге болжанады. Бұл бұрын бекітілген бюджетпен салыстырғанда 300 млрд.теңгеге аз. Салық бойынша түсімдердің төмендеуі негізінен халықаралық сауда мен сыртқы операциялар бойынша күтіледі. Оның ішінде мұнайға қатысты түсімнің азаюы наурыз айынан бастап еркін шәкілге көшуді есептей отырып, 206,5 млрд.теңгеге болжанды», деді Е. Досаев. Министрдің сөзіне қарағанда, республикалық бюджет түсімдері бойынша 2016 кепілдендірілген трансферт сомасы 2 880,0 млрд. теңгеге бекітілмек.

«Ал нысаналы трансферт 807,5 млрд. теңге шамасында қарастырылады, бұның ішінде 240,5 млрд. теңгесі Мемлекет басшысының тұрғын үй құрылысын ынталандыру, «Нұрлы жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларын жеделдету шараларына бағытталады» , - деді Е. Досаев.