деп хабарлады ХОК-тың ақпарат көзіне сілтеме жасаған «Р-Спорт» агенттігі.
"Олимпиада Лондонға ауыстырылуы мүмкін. Бұл тәртіп былай қойылады деген ойдамын: ХОК футболдан әлем чемпионатының қорытындысын күтеді. Оларда бәрі аяқталған соң, шешім қабылданады. Риоға осындай екі алып дода: әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарын арадағы екі жыл ішінде өткізу қиын. Олар мұны есептеген жоқ және ХОК бұл туралы бұрын ойлауы керек еді. Сол себепті Рионың алдындағы басты міндет - олардың әлем чемпионатын қалай өткізетіндігінде», - деп атап өтті ХОК-тағы дереккөз.
«Лондондағы ойындардың ұйымдастырылуына келер болсақ, егер ағылшындар қолға алса, олар екі жыл ішінде дайындалып үлгереді. Оларда барлық инфрақұрылым бар. Спорттық ғимараттар бар. 6-7 мың адамды орналастыру - бұл үлкен қаланың шағын бір ауданын ғана алады. Дәл қазіргі уақытта ХОК ол үшін бәріне барады: қажеттінің бәрін, тіпті студенттер жатақханаларын іске қосады. Оларда еріктілер тобы күшті. Ешқандай сұрақтар туындамайды деп ойлаймын», - деп қосты ХОК ақпарат көзі. Атап өту керек, Лондон жазғы Олимпиада ойындарын 2012 жылы өткізген болатын.