деп хабарлады Алматы халықаралық спорт жобалары дирекциясының баспасөз қызметінен.
"Франция астанасында өткен халықаралық спорт баспасөзінің 78-ші конгресінде Алматы қаласының, Универсиада-2017 спорт жобаларының және 2022 Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге қалалар берген өтініштердің тұсау кесер рәсімдері өтті. Келесі конгресс 2016 жылы Алматыда өтеді", делінген сәрсенбіде дирекциядан таралған ақпаратта.
Биыл конгреске Парижге әлемнің 101 елінен 300 делегат жиналды.
Халықаралық спорт баспасөзі қауымдастығы (International Sports Press Association, AIPS) президенті Джанни Мерлоның шақыртуымен шараға Алматы халықаралық спорт жобалары дирекциясының жетекшісі Илья Оразақов және Қазақстанның спорт баспасөзі одағының өкілдері қатысқан.