2016 жылы қазақстандық ғалымдар Арал теңізін зерттемек


Бұл туралы бүгін Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте Назарбаев университетінің инновациялар бойынша вице-президенті Қанат Байғарин хабарлады. 

«Қазақстан тәуелсіздігін алғанда Арал мәселесі ауқымды болатын, National Geographic сол кезде Арал және оның проблемалары жөніндегі экспедицияларымен жарияланымдар жасаған. Олар бізге 15-20 жыл сайын осы экспедицияны қайталап жүргізуге ұсыныс берген-ді. Бүгінде осы мүмкіндіктер жөнінде келіссөз жүргізілуде», - деді ол.

«Дей тұрғанмен, биыл жазда өзіміз де Арал теңізіне экспедиция жасауды жоспарлаудамыз. Сол уақытта шетелдік әріптестер бізге қосылуы мүмкін. Бірақ әріптестердің қатысуымен не өзіміз экспедиция жасалатын болады», - деді Қ.Байғарин.