2016 жылы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның құрылыс жұмыстары аяқталады

«Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс және Орталық-Батыс жобалары бойынша көліктік-логистикалық ифрақұрылымдарды дамыту үшін  1019   шақырымда жұмыстар жалғасатын болады. Жыл қорытындысында 272  шақырым пайдалануға беріледі», - деді Е.Досаев.

Министрдің айтуынша, индустриялық инфрақұрылымды дамыту бағытында 2016  жылы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА құрылысының жұмыстары аяқталатын болады. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА инфрақұрылымдарының құрылысы 2015  басталады.

«Ағымдағы жылы энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту үшін жалпы ұзындығы 600 шақырымды құрайтын «Екібастұз-Семей-Өскемен» 500 кВт электр таратудың әуе желісінің 200 шақырымдық желісі салынатын болады», - деді ол.