Бүгін «Қазақстан-2050» демократиялық күштер коалициясының Астанада өткен жиынында бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев: «Құқық қорғау органдары жүйесiнде жол қозғалысын қолмен реттеу тертібі енгізіліп, біртіндеп автопатруль әдiсiне көше бастайды. Бұған жедел iздестiру шаралары кірмейді. 2017 жылдан бастап полиция таяқшалары құрал ретiнде қолданылмайтын болады», - дедi.
«Жалпы, ұсынылып отырған құрылымдық реформалар жемқорлыққа ықпал ететін жағдайларды барынша төмендетуге көмектеседі», - деді бірінші вице-премьер.