2017 жылға қарай Қазақстанның барлық соттық-сараптамалық қызметі Әділет министрлігіне өткізіп беріледі


Бұл туралы Әділет министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайым мәлімдеді.
«Қазіргі кезде Қазақстанда соттық-сараптамалық қызметті бір министрлік – Әділет министрлігіне шоғырландыру қаралған,  яғни Денсаулық сақтау министрлігінің соттық-дәрігерлік сараптама шығару қызметі 2014 жылы, соттық-есірткілік – 2015 жылы, соттық-психиатриялық – 2016 жылы өткізіп беріледі», деп Б.Әбдірайым бүгін Алматыда «Шығыс-Батыс: сот сараптамасындағы әріптестік. Сот сараптамасының теория және практикасының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда сөйлеген сөзінде атап көрсетті.
Оның айтуынша, функцияларды бұлай шоғырдандыру мемлекет басшысының 2014 жылы 25 тамыздағы «Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шекту жөніндегі шаралары туралы» жарлығы бойынша жүргізіледі.
Сонымен қатар, ол соттық-сараптамалық жүйенің жоғары тиімділігіне жету мақсатында заң жобасының тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын, 2015 жылы бірінші тоқсанда республика парламентінің қарауына енгізілетін заң жобасын әзірлеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді.