2017 жылы әлем бойынша 65 журналист қаза болды

Олардың шамамен жартысы қызмет бабында көз жұмса, кейбірі материалдары саяси не қылмыстық мүдделерге қауіп төндіргендіктен қасақана өлтірілген, деп хабарлайды stan.kz.

Құжатқа сәйкес, Сирия, Мексика, Ирак пен Ауғанстан журналистер үшін ең қауіпті елдер саналады. Ал жыл басталғалы 320-дан астам журналист қамауға алынды.

54 журналисті қаскөйлер қазір тұтқында ұстап отырса, екеуі жоғалып кеткен.


Айта кетейік, «Шекарасыз репортерлар» ұйымының мәліметіне сәйкес, былтыр бүкіл әлем бойынша 74 журналист қызмет бабында көз жұмған болатын.