деп хабарлады “Астана халықаралық әуежайы” АҚ басқармасының төрағасы Қайрат Жауханов.
"Жобада паркинг салу көзделген. Және де қазіргі қолданыстағы паркинг бар. Сонымен қатар, балама 250 және 170 орынға арналған тегін екі тұрақ бар”, деді ол Астанада сейсенбіде баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, екі деңгейлі паркинг 2017 жылдың бірінші тоқсанында EXPO көрмесінің ашылуына орай пайдалануға берілмек. Бірақ ол паркинг салуға жұмсалатын инвестиция көлемін ашып айтпады.