Жоспар бойынша, Ресейдің федералдық ғарыш бағдарламасы аясында 2017 жылы Байқоңырдан ресейлік 17 зымыран тасығышы, оның ішінде екеуі "Ресей қорғаныс министрлігінің пайдасы үшін" ұшырылмақ, деп хабарлады Азаттық радиосы.
17 зымыран тасығыштың сегізі - ресейлік сегіз "Союз" зымыран тасығышы. Олар ғарышқа ғарышкер басқаратын төрт "Союз МС" кемесін, үш "Прогресс МС" ғарыштық жүк кемесін және қашықтан зондылайтын "Канопус В-ИК" спутнигін алып ұшпақ.
Жоспар бойынша, келесі жылы жеті "Протон-М" және екі "Зенит" зымыран тасығыштары ұшырылмақ.
Министрліктің мәліметінше, 2016 жылы Байқоңырдан 11 зымыран тасығыш ұшырылған.