2017 жылы Германияда Ангела Меркельдің өмірі туралы фильм прокатқа шығады


Жоспар бойынша картина Германиядағы кинотеатрларда 2017 жылы көрсетілуі тиіс, деп хабарлайды немістің ARD телерадиокомпаниясы.
Кинокартинаның сценарийін белгілі журналист Дирк Курбьювайт жазады.
«А.Меркель қазіргі замандағы ең қызықты саясаткердің бірі. Мен көптен бері канцлердің саяси жолын сырттай бақылап жүрмін. Сынға да аламын, бірақ ол мені ылғи да таңқалдырады», - дейді Д.Курбьювайт.
Бұған дейін журналист А.Меркельдің өмірбаянына арналған бірнеше кітап жазған болатын.
Әзірге ГФР канцлерінің рөлін кім сомдайтыны белгісіз.