2017 жылы Қазақстаннан шетелге 398,8 млрд теңге аударылды

2017 жылдың қаңтар-қазан айларында ҚР-дан шетелге аударылған ақша аударымының көлемі 26,9%-ға (398,8 млрд теңге), ал шетелден елге аударылған ақша аударымының көлемі 20,8%-ға (249,9 млрд теңге) өсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі m.kapital.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет ішіндегі ақша аударымы небәрі 3,1%-ға (589,0 млн теңге), яғни 19,1 млрд теңгеге өскен. Қазан айында мемлекет ішінде 5,2 млрд теңге аударылған. Бұл – соңғы 2 жыл ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш. Бір ай бұрын бұл көрсеткіш 1,8 млрд теңгеге жеткен болатын. 2016 жылдың қазан айымен салыстырғанда бұл 2,2 есеге артық.


Ақша аударымы жылдық өсіміне Western Union жүйесінің көрсеткіштері тікелей әсер етті. 2017 жылдың қаңтар-қазан айларында аталған жүйе көмегімен 5,8 млрд теңге аударылған. Қазан айының өзінде 3,6 млрд теңге аударылған. 2016 жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда көрсеткіш 33,3%-ға (1,5 млрд теңге) өскен. Ал үлес 22,8%-дан 29,6%-ға дейін артқан.

Ақша аударымы бойынша екінші орында Faster жүйесі тұр. Көшбасшылар үштігін Золотая корона бекітті. Оның үлесі 15,4%-дан 21,6%-ға дейін өскен.