ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенова Baq.kz тiлшiсiне берген сұхбатында бұл мәлiметтi жоққа шығарды.
«Ешбiр әлеуметтiк төлемдер алынған жоқ. Керiсiнше, бiз атаулы әлеуметтiк көмектiң көлемiн көбейтiп жатырмыз. Мысалы, бұрын азаматтар атаулы әлеуметтiк көмектi, 18 жасқа дейiнгi балаларға арналған жәрдемақыны, болмаса, көп балалы отбасылар алатын көмектi жеке-жеке алған. Ендi олардың барлығын бiр пакет құжаттармен бiр жерден алатындай етiп жасадық. Ал үшеуiн қосқандағы көмектiң көлемi, алып отырған сомалары келесi жылы биылғыдан жоғары болады», - дедi Үкiмет отырысынан кейiн Тамара Дүйсенова.