2018 жылы Астанада дүниежүзілік тау конгресі өтеді

Қазақстанның Канададағы елшісі Константин Жигалов 2018 жылы 25-ші Дүниежүзілік тау конгресін Астанада өткізу туралы өтініш білдірді.


           СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұйымдастыру комитеті мүшелері конгресстің 23-ші отырысында Қазақстанның өтінішін бірауыздан мақұлдады.
           Сонымен қатар, ұйымдастыру комитетінің кезекті отырысын да Астанада өткізу туралы шешім қабылданды. Жиын 2014 жылы 12-13-маусым күндері өтпек.