2018 жылы Қазақстан визаны электронды түрде бере бастайды

Қазақстанның СІМ биылғы жылы пилоттық режимде электронды виза бере бастайды, деп хабарлады сырқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады. 

"Әкімшісі ҰҚК болып табылатын "Бүркіт" жүйесін жетілдіру керек болады. Қажетті сома анықталып, республикалық бюджеттік комиссиясы бұл соманы бекітті. Сондықтан биылдан бастап электронды визаларды рәсімдей бастаймыз ", -деді Мұхтар Тілеуберді дүйсенбі күні мәжілісте.

Министрдің орынбасарының айтуынша, жоба алдымен пилоттық режиме кейбір елдер үшін ғана қолжетімді болады. Бұл елдердің тізімі жасалды. Бірақ қай елдің азаматтары электронды виза ала алатынын ол ашып айтқан жоқ.