2019 жылы елдің жағдайы тым қиындап, бүкіл әлемнің экономикасы қатты "сырқаттанғалы" тұр

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

"Сөз түсінетін ағайын!
Келесі (2019) жылы елдің жағдайы (тым) қиындап кетуі мүмкін. Біздің ғана емес, бүкіл әлемнің экономикасы қатты "сырқаттанғалы" тұр (деседі). Марғұлан көке Сейсембайдың сөзіне құлақ түрсек, "дүние жүзi нарығында сұмдық цунами пайда болыпты". Салыстырып қарайтын болсақ, "2008-09 жылдардың дағдарысы ойыншық болып қалғалы тұр" (мұның қасында). Сондықтан:
1.Егер бар болса, "қарыз(дар)ыңызды тезірек жабыңыз";
2."Ақшаңызды не болса соған (босқа) жұмсай бермеңіз";
3."Шығын(дар)ыңызды мүмкіндігінше қысқартыңыз";
4."Не болса соны сылтауратып, қайта-қайта той-тұмалақ жасай беруді тоқтатыңыз" ("бізді тойға шақырды, бармасақ ұят болады ғой" деп далақтап шаба беруді де қою керек).
5.Дарақылық пен ысырапшылықтан бойыңызды аулақ салыңыз. Теңгенің ғана емес, тиынның қадірі артатын уақыт тууы мүмкін, өкініп қалмаңыз", деп жазды Серік Абас-Шах мырза.