Caravan Logo

2019 жылы елімізде қандай әуе рейстері ашылады

2019 жылы елімізде қандай әуе рейстері ашылады


«2019 жылы Қазақстанда бірнеше тікелей әуе қатынасы ашылады. Олар - Прага, Ұланбатыр мен Токиоға дейінгі рейстер. Алғашқы екі бағытқа «Скат» қызмет көрсетеді. Мамыр айында «Скат» авиапаркі екі жаңа Боингпен толығады. Ұланбатырға бірінші әуе рейсі 2 маусымда жасалады. Моңғолияға билеттер сатылымға шықты», - делінген қор мәліметінде.

Бұған қоса, «Скат» жазда Батуми, Краснодар, Сочиге дейінгі әуе қатынасын жаңғыртады. Бұл қалаларға тікелей рейстер Астанадан жасалады. Сондай-ақ, Ереван мен Минеральные Воды қаласына да әуе рейстері болады. Атап өтсек, бұл демалыс кезеңіне арналған маусымдық бағыттар.

Сонымен қоса, биыл Баку-Алматы, Новосібір-Астана, Мәскеу-Семей әуе қатынасы ашылмақ. Бұнымен бірге, Қазақстаннан Шанхай қаласына рейс ашу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.