бағдарламасы аясында мемлекет 2,6 трлн теңге, оның ішінде 2014 жылы - 389,2 млрд теңге бөлуді жоспарлауда, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстанға" Қазақстан көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.
"2020 жылға дейін жол саласындағы басымдық саясат Қазақстанның автожол кешенін халықаралық көлік желісіне интеграциялауға бағытталған жол инфрақұрылымы жобаларын одан әрі жүзеге асыру болмақ", деді баспасөз қзметінен.
Бұл мерзімге дейін бүкіл 6 халықаралық дәлізде жұмыстарды толығымен аяқтау көзделген, олар Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл және Ақтөбе облыстары бойынша өтеді.
Тұтас алғанда 2020 жылға дейін республикалық мәні бар 10,195 мың шақырым жолды күрделі және орташа жөндеуден өткізу көзделген, 5,703 мың шақырым жол қайта салынуға тиіс.