2020 жылға қарай батыста шығарылған 61 әуе кемесі сатып алынады

сонымен қатар жаңа 75 халықаралық әуе қатынасын ашпақ, деп хабарлады инвестициялық және даму жөніндегі бірінші вице-министр Жеңіс Қасымбек.

"2020 жылға қарай 61 әуе кемесі сатып алынбақ. Air Astana бойынша ұшақтардың орташа жасы - 6 жас, SCAT бойынша 15 жас болмақ", деді ол Астанада сәрсенбіде баспасөз мәслихатында.

Биыл Қазақстан 8 әуе кемесін сатып алды, оның ішінде 5 кемені - Air Astana, 2 кемені – Bek Air және 1 – SCAT, деді Ж.Қасымбек.


"Бұл мәселелердің шешілуі тұтас алғанда қазақстандық әуе компанияларының ұшу географиясын кеңейтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек".