2020 жылға қарай КХДР өзінің ядролық қаруын 100 данаға жеткізе алады – сарапшылар


Бұл туралы  АҚШ университетінің сарапшысы Джон Хопкинс мәлім етті.
Жағдайды 15 ай бойы зерттеген АҚШ-КОРЕЯ институтының қызметкері Джоел Вит та осындай қорытындыға келіп отыр.
Сарапшының айтуынша, КХДР-ның ядролық бағдарламасын дамытуға еуропалық компаниялар ықпал етуде. Олар Пхеньянға қажетті қондырғыларды Бейжің арқылы жеткізіп береді.
Д.Виттің болжамынша, қазір КХДР-ның 10-16 ядролық қаруы бар.