Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Роман Скляр мәлім етті.
«2020 жылға қарай Қазақстанда транзиттік тасымал екі есеге өседі , компания кірісі үш есеге артады, орташа жылдық әсері ЖІӨ-нің 1 пайызына тең болады деп күтілуде. Барлық инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асуы ел экономикасына мультипликативті әсер береді. Сонымен қатар еуразиялық көліктік дәліздердің және халықаралық транзиттік бағыттардың дамуына да үлкен үлес қосылады», - деді ол.