2020 жылы 9-11 пайыз аралығында инфляция болады - министр

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"2020 жылдың сәуір-желтоқсан айларында мұнайдың орташа бағасы барреліне 20 доллар деңгейінде белгіленді. Доллардың есептік бағамы бір доллар үшін 440 теңге деңгейінде және жылдық инфляция 9-11 пайыз аралығында болады деп болжаймыз", - деді Руслан Дәленов.