Caravan.kz медиа- порталы биыл жұлдызы жанған жас таланттар жайлы саралап көрді.
"Қойшы бала" атымен елге өте жылдам танылған Айдос Кәден
Әнші Жігер Ауыпбаев ауылда қой бағып жүрген боз баланың талантына тәнті болып, қалаға алып келіп сахна әлемімен таныстырды.
Қазір "Қойшы бала және Жігер Ауыпбаев" барлық Қазақстан өңірлеріне жеке ән сапармен аралауға кіріскен.
Тағы бір Қызылордалық талантты ару Гүлмайдан Серікбай
Гүлмайданның үйді сылап жүріп айтқан әнін құрбысы видеоға түсіріп алып, инстаграм әлеуметтік желісіне салып жіберген.
Оны көрген өнер адамдары талантына тәнті болды. Өнердегі ағасы Сәкен Майғазиев өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасына жариялап ақ жол тіледі.
Халықтың қамын ойлап жүретін журналист, блогер Дәулет Мұқаевта өзінің жеке парақшасына салып Гүлмайданды қолдады.
Оны көрген телеведение саласының мамандары бірден Гүлмайданға хабарласып бір күннің ішінде жұлдызы жанды.
Неше түрлі бағдарламаларға шақырту алып, сұхбат берген Гүлмайданды қолдаушылар күннен күнге еселенуде.
Соның ішінде әнші Индира Елемес Гүлмайданға ерекше қолдау білдірген.
"Бүгін ерекше қуанышқа толы күн болды мен үшін, Аллаға шүкір айтамын өмірімді осындай жақсылықтарға толы еткеніне !
Индира Елемеспен бірге дуэт болып, керемет ән шырқадық ! Онымен қоса: “ерекше ән жазып, бірге дуэт болып керемет ән айтамыз” деп өнерімді қолдағаныңызға көөп рақмет .Бұйыртса ерекше дуэт боламыз...", -деп жазды Гүлмайдан.
https://www.instagram.com/anshi_gulmaidan/reel/CXwUOBCPhDU/?utm_medium=copy_link
Сонымен қатар әнші Толқын Забированың көзіне түсіп, Бибігүл Ахметованың батасын алған 14 жастағы Ақтөбелік Мөлдірді жазбай кетсек болмас.
Кіішкентай балапанға Забирова өз ұстазынан бата беруін өтінген еді.
Бибігүл Ахметова жас дарынға: "Баламыздың таланты өрлей берсін. Жолы ақ болсын! Дені сау болсын! Әнші болу үшінде ең бірінші денсаулық маңызды, Тойдың әншісі болып кетпей, өз білімін жетілдірсін, дамысын! Қызымызға Димаш ағасының жолын берсін, сенің жолыңды берсін, менің жолымды берсін. Әумин" ,- деп өз батасын берді.
Аружан Рашид - биші қыз.
Тойда бір аяғымен үнді биін билеген алматылық ару көпшіліктің жүрегін елжіретті, мотивация берді. 17 жастағы жеткіншекке туа біткен ауруы мен бір аяғының кесілгені армандарын жүзеге асыруға кедергі болмаған.
Аружан Рашид 2003 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында өмірге келген. Дүниеге келгеннен бері сол аяғының кемшілігі болған. Емделмеген соң оны кесуге мәжбүр болған. Бастапқыда анасы қызының көпшілік арасында билеуіне қарсы келген.
Бір сұхбатында протезбен жүру қиындық туғызып, омыртқасына салмақ түсіргендіктен, бір аяқпен жүріп-тұруды, билеуді шешкенін айтқан еді.
Желіде танылғаннан кейін Аружанды “Салем Намасте” үнді этносаяси бірлестігі төрағасының орынбасары Вадодария Хитеш Чандра үш күн бойы іздеген. Бүгінде оның өнерін YouTUBE желісінде 100 мыңнан астам адам тамашалаған.