2021 жылы Ораза қашан басталады?

Биыл Рамазан айы 14 сәуірден басталады. Осы күннен бастап ораза тұтады.

Ораза - исламның үшінші парызы. Мұсылман қауымға күнә жасауға тыйым салған. Ал Рамазан айында жаман әдеттен, күнәдан тыйылуға шақырады. Мұсылмандар өткен күнәлары үшін кешірім тілейді.

Ораза тұтқан адам рухани тазарып, күнәларынан арылады. Ауызашар алдындағы тілеген дұға қабыл болатыны айтылады. Медицина тұрғысында да оразаның адам денсаулығына пайдасы бары анықталған.

Алайда науқас, денсаулығы сыр берген, емізулі баласы бар әйелдер ораза ұстауға міндеттелмейді.

"Алла Ораза ұстаушы екі жағдайда қуанады. Бірі ауыз ашқан сәтте, екіншісі Раббысын кездестіргенде" делінген.


Ораза ұстаушыға ғана емес, ауыз аштырған адамға да сөзіз сауап жазылады.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) "бір құрма берсеңдер де, ауыз аштырыңдар" деген хадисі бар. Ораза ұстай алмай қалған жандар ораза ұстаушылардың аузын ашып, сауап жинайды.