2022 жылғы қысқы Олимпиада өткізуге үміткерлер тізімінде тек Алматы мен Бейжің ғана қалды

Бұған үкіметтің  тиісті  қаржылық кепілдеме беруге дайын еместігі себеп болып отыр. Ослоның қаржылық қолдау көрсету жөніндегі өтінішіне сәрсенбі күні Норвегияның консервативтік партиясы қарсы дауыс берді.

Халықаралық Олимпиадалық комитет (ХОК) шілде айында Осло, Алматы (Қазақстан) және Бейжіңді (Қытай)  2022 жылғы Олимпиаданы өткізуге үміткер етіп бекіткен еді.

Бұдан бұрын Стокгольм (Швеция), Краков (Польша) және Львов (Украина) Ойындарды өткізуден бас тартқан болатын.


Еске сала кетсек, Олимпиада астанасы 2015 жылғы жазда Малайзияда белгілі болады. 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Сочиде өтсе, 2018 жылғы астанасы октүстіккореялық Пхенчхан болып отыр.