Бұл туралы үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Caravan.kz.
"2023 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артады. Біз одан бөлек, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға баса мән береміз", - деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.
Айта кетсек, Оқу-ағарту министрі үкіметте бүгін білім беру саласын 2022-2026 жылдарға дейінгі дамыту тұжырымдамасын таныстырып жатыр.