2025 жыл: Жылан жылы мен халық үміті

Жылан - қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында ерекше маңызға ие жылдардың бірі. 2025 жылдан не күтеміз? Caravan.kz медиа порталы зерттеп көрді.

Қазақстар жыланға тек сақтықпен қарамай, оны киелі санап, құрметтеудің де түрлі себептерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Жылан жылы әр 12 жыл сайын қайталанып келеді. Сондықтан келер жылға болжам жасамас бұрын, жылан жылы ел өміріндегі белгілі бір тарихи оқиғаларға шолу жасайық.

1729 жыл - Аңырақай шайқасы.

1729 жыл тарихта қазақ халқының жоңғар шапқыншылығна қарсы ірі жеңісімен есте қалды. Аңырақай шайқасы қазақтың бірлігін нығайтып, Жоңғарияға қарсы ұзаққа созылған соғыстың шешуші кезеңі болды. Бұл оқиға Қазақ хандығының біртұтастығын сақтауға мағызды рөл атқарды.

1833 жыл - Исатай мен Махамбеттің көтеріліс бастауы.

1833 жылы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақ халық көтерілісінің күшею жылдарының бірі. Бұл кезеңде қазақ халқы отаршылдық саясатқа және жергілікті биліктің әділетсіздігіне қарсы күресті.

1941 жыл - Ұлы Отан соғысының басталуы

1941 жыл жылан жылы еді. Бұл жыл бүкіл әлем үшін ауыр кезең болды. Қазақ халқы да Ұлы Отан соғысына аттанып, майдан мен тылда жанқиярлық ерлік көрсетті. Соғыс жылдарында Қазақстан майданды азық-түлікпен және қару-жарақпен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарды.

1989 жыл - Желтоқсан оқиғасының ызғары және қайта құру

1989 жылы Кеңес Одағындағы қайта құру кезеңінің маңызды жылы. Бұл кезде Қазақстанда ұлттық жаңғыру, тіл мен мәдениетті сақтап қалуға деген ұмтылыс күшейді. Қоғамдық ұйымдар құрылып, Желтоқсан көтерілісінің, тарихи маңызы айқындала түсті.

2001 жыл - Қазақстанның дамуының жаңа кезеңі.

2001 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі маңызды экономикалық және саяси реформалардың жүзеге асырылған жылы. Ел экономикасы тұрақтанып, халықаралық аренада Қазақстанның мұнай-газ саласы қарқынды дамып, сыртқы инвестициялардың көлемі ұлғайды.

Жоғарыдағы тарихи оқиғалар әрбір жылан жылы халықты сабыр мен даналыққа, қиындықтарды жеңуге шақыратын жыл деп есептелгенін көреміз.

Халық жылан жылынан не күтеді?

Сақтық пен төзімділік. Жылан жылын қазақтар аса сақтық қажет ететін жыл деп санайды. Бұл жылда адамдар бір-біріне сабырлы, шыдамды болуы керек. Өйткені аталмыш қасиеттер жыланның символы болып саналады.

Бейбітшілік пен тыныштық уақыты. Жылан жылы табиғаттың тепе-теңдігін сақтайтын, жайлы жылдар қатарында. Мұндай жылда қиындықтар мен үлкен өзгерістер аз болады деп сенеді.

Даналық пен жетілу жылы. Жылан даналық пен ішкі тереңдікке ие жануар ретінде көрініс тапқан. Бұл жылы адамдар білім мен рухани жетілуге көбірек көңіл бөлуі керек деп сенген.

Қазақтардың жыланға қатысты наным-сенімдері

Киелі жануар. Жыланды қазақтар киелі деп есептеген. Оның үйге кіріп келуі жақсылықтың немесе үй иесіне байлықтың белгісі деп түсінген. Жыланға зиян келтіру - жаманшылық шақырады деген наным бар. Үйге кірген жыланға ақ құйса, ол бейбіт жолмен адамдарға зиянын тигізбей шығып кетеді деген түсінік қалыптасқан.

Қорғаушы рух ретінде. Кейбір нанымдар бойынша, жылан адамды бәле-жаладан қорғайтын киелі күштің белгісі болған. Жыланның бейнесін ою-өрнекке түсіру арқылы үйге қауіп төнбейді деп сенген.

Жылан шаққан адамның ерекше қабілеті. Қазақстар жылан шаққан адамның өмірі өзгереді деп есептеген. Оған ерекше рухани қасиеттер даруы мүмкін деп сенген.

Жыланның табиғи белгісі. Жыланның суық әрі жұмбақ мінезі оның табиғаттың құпияларын бойында сақтайтынын білдіреді деп сенген. Бұл оның даналығы мен интуициясының белгісі ретінде көрініс тапқан.

Жылан жылын қалай қарсы алу керек?

Бүгінгі таңда Жылан жылы өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктерге дайын болуды меңзейді. Бұл жыл адамға өз өмірін қайта қарап, жаңа жоспарлар құруға мүмкіндік береді.

Жылан жылы қазақ халқы үшін тек жыл қайыру жүйесінің бір бөлігі ғана емес, терең мағыналы кезең. Бұл жыл сабырлық пен ақылмен әрекет етуге шақырады, ал қиындықтардан сабақ алудың және жаңа деңгейге көтерілудің мүмкіндігі ретінде қарастырылады. Жылан жылы келгенде қазақ халқы үмітпен, сақтықпен және жаңа бастамаларға дайындықпен қарсы алған.

Жылан жылы көбінесе тұрақтылық. үйлесім, даналық пен ішкі тыныштықты алға қояды. Дәстүрлі нанымдарда жылан жылы өздігінен қауіп төндірмейді. Тек адамдарды ойланып әрекет етуге шақырады. Егер сіз жылан жылында жаңа жетістіктер мен рухани өзгерістер күтсеңіз, бұл уақыттың энергиясын дұрыс пайдалану маңызды деп есептеледі.