2026 жылдан бастап салық төлемеген шетелдік платформалар бұғатталуы мүмкін

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік интернет-компанияларға қатысты қосылған құн салығын (ҚҚС) әкімшілендірудің қазіргі нәтижелері, сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа шаралар туралы түсініктеме жасады.

Қазақстанда шетелдік интернет-платформаларға ҚҚС енгізілген сәттен бастап 116 компания шартты тіркеуден өтті. Бұл шара цифрлық экономиканың әлемдік ірі ойыншыларын салық өрісіне тартуға мүмкіндік берді, ​– деп атап өтті комитет.

2025 жылы 18 жаңа шетелдік компания тіркелді, бұл салықтық әкімшілендірудің қамту ауқымының өскенін көрсетеді. Олардың қатарында:

Аталған компаниялардың салық төлеушілер тізіміне енуі отандық және шетелдік цифрлық қызмет жеткізушілер үшін салық салуда тең жағдай жасау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін дәлелдейді.

Салық енгізілген күннен бастап шетелдік интернет-компаниялар Қазақстан Республикасының бюджетіне 111,6 млрд теңге төледі. Тек 2025 жылдың өзінде түсімдер 41,8 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткішпен (23 млрд теңге) салыстырғанда 18 млрд теңгеге көп, – деп түсіндірді ведомство.

2025 жылғы ірі салық төлеушілердің қатарына мыналар кірді:

Бұл компаниялар бюджет кірістерін қалыптастыруға елеулі үлес қосты, бұл цифрлық сектордың ұлттық экономика үшін маңыздылығын айқындайды.

Сондай-ақ, Қазақстан бюджетіне салық төлей бастаған жаңа шетелдік интернет-компаниялардың ішінде ерекше атап өтуге болады:

Аталған компаниялардан түскен салық түсімдері трансшекаралық электрондық сауданың барған сайын көбірек қатысушыларын қамтитынын көрсетеді.

Салық тәртібін күшейту және адал салық төлеушілердің мүдделерін қорғау мақсатында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа шаралар енгізіледі. Атап айтқанда:

Министрліктің мәліметінше, аталған шараларды қабылдау әділ бәсекелестік ортасын қалыптастыруға, бизнес жүргізу үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге және Қазақстанның цифрлық экономикасын одан әрі дамытуға бағытталған.