Caravan.kz медиа порталының тілшісі жалғастырады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы суицидті барлық мемлекетке ортақ жаһандық мәселе ретінде бағалайды. Ұйымның мәліметінше, соңғы 50 жыл ішінде әлем бойынша суицид көрсеткіші 60 пайыздан асып кеткен. Кейбір елдерде өз-өзіне қол жұмсау 15–45 жас аралығындағы адамдардың өлімге әкелетін негізгі үш себебінің біріне айналған.
Мысалы, 2024 жылдың қорытындысында 100 мың тұрғынға шаққандағы ең жоғары суицид коэффициенті Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Ол кезде көрсеткіш 29,39 болған. Ал ең төменгі коэффициент Алматы қаласында – 11,16.
2025 жылдың қорытындысында жағдай өзгеріп, бұл көрсеткіш бойынша Батыс Қазақстан облысы көш бастады. Мұнда коэффициент 24,3-ке жетсе, ең төменгі көрсеткіш Маңғыстау облысында тіркелді – 9,03.
Суицид мәселесі әлі де өзекті
Соңғы жылдары Қазақстанда суицидтің алдын алу бағытында түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен психологиялық қолдау жобалары іске асырылып келеді. Соған қарамастан, қоғамда бұл мәселеге қатысты қайғылы оқиғалар әлі де жиі тіркеледі.
Мәселен, биыл мамыр айында Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылдық округінің әкімі Ерлан Смайылов өз-өзіне қол жұмсады. Ол 48 жаста болған. Полицияның мәліметінше, оның мәйіті 18 мамыр күні Май ауылынан табылған.
Ал наурыз айында Тараз қаласында 35 жастағы ер адам басына оқ атып, өмірімен қоштасты. Осы оқиға бойынша Жамбыл облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 105-бабы – «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша қылмыстық іс қозғады.
Осыған байланысты өңірлердегі суицид көрсеткіштерін қайта саралап, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы жағдайды өткен жылдармен салыстырайық.
Рейтинг қалай жасалды?
Зерттеу барысында "Свидетель" басылымы тек ресми статистиканы пайдаланады. Атап айтқанда, 2026 жылдың алғашқы алты айындағы тіркелген суицид деректері мен 2026 жылғы 1 маусымдағы өңірлер халқының саны негізге алынды.
Өңірлерді әділ салыстыру үшін абсолюттік көрсеткіш емес, 100 мың тұрғынға шаққандағы суицид коэффициенті есептелді. Өйткені халқы көп өңірлерде суицид санының көп болуы әрдайым қауіп деңгейінің жоғары екенін білдірмейді.
Суицид коэффициенті ең жоғары өңірлер
1. Солтүстік Қазақстан облысы
2. Шығыс Қазақстан облысы
3. Ақмола облысы
Суицид коэффициенті ең төмен өңірлер
18. Маңғыстау облысы
19. Астана қаласы
20. Шымкент қаласы
Абсолюттік көрсеткіш бойынша жағдай қандай?
Егер өңірлерді тек тіркелген суицид саны бойынша салыстырсақ, онда алғашқы орында Түркістан облысы тұр. Мұнда алты ай ішінде 149 суицид тіркелген.
Келесі орындарда:
Ал ең аз дерек:
Алайда сарапшылар өңірлерді бағалау кезінде дәл 100 мың тұрғынға шаққандағы коэффициентті негізге алу дұрыс екенін айтады. Өйткені бұл көрсеткіш халық санының айырмашылығын ескеріп, нақты ахуалды дәлірек көрсетеді.
Жалпы көрсеткіш төмендегенімен, мәселе өзектілігін жоғалтқан жоқ
Ресми мәліметке сәйкес, 2026 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда 1592 суицид тіркелген. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9 пайызға аз. Өткен жылдың алғашқы жартысында мұндай фактілер саны 1639 болған.
Сонымен қатар суицид жасау әрекеттерінің саны да азайған. Егер 2025 жылдың алғашқы алты айында 1 677 әрекет тіркелсе, биыл олардың саны 1 305-ке дейін төмендеген. Бұл 22,2 пайыздық төмендеуді көрсетеді.
Дегенмен статистикадағы оң өзгерістерге қарамастан, суицид еліміз үшін әлі де күрделі әлеуметтік әрі қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерінің бірі болып отыр. Сондықтан мамандар бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстарды, психологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруды және қауіп тобына жататын азаматтармен жүйелі жұмысты жалғастыру қажет екенін айтады.