2026 жылы доллар бағамы қандай болады? Болжам

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжілістің жалпы отырысында "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы қаралып жатыр. Журналистер министрден осы аралықта доллар бағамы қандай болатынын сұрады.

"Үш жылдық бюджетте доллар бағамы 540 теңге, ал мұнай бағасы барреліне 60 доллар деңгейінде белгіленген", - деді министр.

Сонымен қатар, шенеуніктің айтуынша, 2026 жылға түсім 23,1 трлн теңге деңгейінде болжанып отыр. Оның ішінде кіріс көлемі - 19,2 трлн теңге.