2026 жылы қазақстандықтар жиі төлейтін айыппұлдар көлемі өседі

Ал бұл айыппұлдардың көлеміне тікелей әсер етеді. Осылайша, келер жылы жиі болатын құқық бұзушылықтар бойынша айыппұлтардың көлемі өседі. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қаржы министрлігі 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын жариялады. Құжат үкіметтің мақұлдауынан өтіп, Парламентке жолданды. Онда ең төменгі жалақы, зейнетақы, күнкөріс минимумы және айлық есептік көрсеткіш сияқты негізгі әлеуметтік көрсеткіштер бар. Бұл құжат әзірге жоба күйінде болғанымен, әдетте бюджет түпкілікті қабылданғанда ондағы сандар сол күйінде сақталады.

Атап айтқанда, айлық есептік көрсеткіштіңмөлшері 2026 жылы 4 325 теңге болмақ. Қазір ьұл көрсеткіш – 3 932 теңгеге тең.

2025 жылдың басында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Қазақстандағы ең жиі салынатын 10 айыппұл түрін атады. Осы мысалдар арқылы 2026 жылы АЕК өсіміне байланысты айыппұл мөлшері осылайша өзгермек: