Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге (өзгеріссіз қалады);
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге (2025 жылы – 3 932 теңге);
Базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге (2025 жылы – 32 360 теңге);
Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге (2025 жылы – 62 771 теңге);
Күнкөріс минимумы – 50 851 теңге (2025 жылы – 46 228 теңге).
Бұдан бөлек, жасына байланысты және еңбек өтілі бойынша берілетін зейнетақы төлемдеріне 10% өсім қарастырылған.
Сондай-ақ мемлекет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) 2% көлемінде жарна аударуды жалғастырады.
Заң 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Еске салсақ, кеше, 8 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды.