Қазіргі үкімет ішкі жалпы өнімді 2029 жылға дейін 450 миллиард долларға жеткізуі тиіс, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бұл туралы экономист Айбар Олжаев пікір білдірді.
Дүниежүзілік банк 2024 жылғы Қазақстан экономикасының өсу болжамын 3,4 пайыз деңгейіне түсіріп тастады.
Негізгі капиталға инвестиция жыл басынан бері 5,3 пайызға құлдырап кеткен. Ал биылғы бірінші тоқсанда өндірістің өсу қарқыны бойынша Қазақстан ЕАЭС елдері арасындағы аутсайдер атанып отыр.
Экономика өсе алмай жатқан кезде су тасқыны келіп, үкіметті де, бюджетті де әбігерге салды.
Басты және нақты сұрақ - 2029 жылы Қазақстан экономикасы 450 миллиард доллар тұратын бола ма? Әлде бұл қазірден бастап сенуден бас тартуымыз тиіс ертегі ме?
"Қазіргі əлемде геосаяси ахуал ушығып тұрған кезде Парламенттің мемлекеттік қауіпсіздігі мəселесін шешуде қауіп-қатерге жол беруі мүмкін екеніне куə болдық.
Бір елдегі Парламенттің Президентке мəселені шұғыл шешуге қолбайлау жасауы, екінші бір елге көмек қолын созуды жарты жылдай уақытқа бөгегенін, нəтижесінде көмекке зəру елдің қорғаныс қуаты əлсіреп, мыңдаған адамдардыңнан айрылып, айтарлықтай шығынға батқанын көрдік. Сондықтан, қазіргі күні Парламенттік жүйге көшу қажеттігі туралы тұжырымдар, өртке бинзин шашумен тең екенін, зерделеуіміз қажет-ақ", -деді заңгер Даирбек Утегенов.