2030 жылға қарай Еуразиялық экономикалық одақ ІЖӨ жиынтық өсімі 900 млрд. долларды құрайтын болады

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысында Қазақстан Президенті Н. Назарбаев осылай мәлімдеді.

Елбасы Еуразиялық интеграция үдерісінің кезекті кезеңіне қадам жасалып отырғанын атап өтті. «Еуразиялық экономикалық одақтың әлеуеті барынша жоғары. Біз бұл ретте Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің жиынтық экономикалық ауқымы 2,2 трлн. долларды құрайды. Ал перспективада интеграциялық тиімділік нәтижесінде 2030 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жиынтық өсімі 900 млрд. доллар болады деп болжанады», - деді Н. Назарбаев.

Елбасының айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ қатысушы әрбір тараптың теңқұқықтылық, мақсатқа сәйкестілік мүддесіне сай құрылатын болады. 


Еске сала кетейік, отырыстың кеңейтілген құрамдағы кездесуіне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко және Армения Президенті Серж Саргсян мен Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев қатысуда.