Баяндамада келтірілген деректер бойынша, 5,4 млн адам жыл сайын темекіден көз жұмады. Егер тиісті шаралар қолданылмаса, 2030 жылға дейін бұл көрсеткіш 8 млн-ға жетеді. 21 ғасырда темекі, шылым шегуден арыла алмағандықтан 1 млрд адам қайтыс болуы мүмкін.
Баяндамада айтылғанындай, 15 жыл бойы темекіні үзіліссіз тартатын адамдардың тең жартысы бақилыққа аттанады.
Баяндама авторлары атап өткеніндей, жұқпалы аурулардан қайтыс болған адамдармен салыстырғанда, темекіден көз жұмғандар саны әлде қайда жоғары. Осындай статистикаға қарамастан, әлемдегі бірде- бір мемлекет темекіге қарсы күрес жөнінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының негіздемелік конвенциясында бекітілген халықаралық талаптарын толық орындамады. Бұл құжат 2005 жылдың 27 ақпанында күшіне енген.
Конвенцияда көрсетілгеніндей, барлық темекі өнімдерінің жарнамасына, сатылуына тыйым салынып, олардың өндірісіне белгіленетін салық көлемін ұлғайту қажет. Сондай-ақ, шылым шекпейтіндерді қорғайтын шараларды енгізу керек. Ал шылым шегудің қауіпті екені жөнінде ақпарат темекі өнімінің орама қағазының жартысын алуы керек.
Баяндамада хабарланғанындай, әлемдеге елдердің 5% тұрғындары ұсынылған шаралардың біреуін толық орындаған мемлекеттерге тұрып жатыр. Олар темекі тартуды қысқартуға бағытталған шараларды орындап, ұлттық заңдарды қабылған. Алайда, әлемдегі 40 % елдерде осы күнге дейін ауруханалар мен мектептерде темекі тартуға рұқсат берілген.
Баяндамада айтылғанындай, мемлекеттердің темекіден өндіріп алатын салық көлемі оларға қарсы күреске жұмсалатын мөлшерден 5 мың есе жоғары.