Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанда алдағы бес жылда ең төменгі зейнетақы мөлшері шамамен 17 мың теңгеге артады. Мұндай мәліметтер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2026-2030 жылдарға арналған әлеуметтік көрсеткіштер болжамында келтірілген.
Министрліктің құжатына сәйкес, 2026 жылдың өзінде ең төменгі зейнетақы 69 049 теңгені құрайды. Кейінгі жылдары оның көлемі кезең-кезеңімен өсіп отырады:
Осылайша, бес жыл ішіндегі жалпы өсім 16 893 теңгені немесе шамамен 24 пайызды құрайды.
Базалық зейнетақы мен күнкөріс деңгейі
Сонымен қатар, ең төменгі базалық зейнетақы төлемінің мөлшері де ұлғаяды. Егер 2026 жылы ол 35 596 теңге болса, 2030 жылға қарай 44 303 теңгеге дейін өседі. Өсім жыл сайын біртіндеп жүзеге асырылады.
Зейнетақының өсуі әлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде қолданылатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің артуымен байланысты. Болжам бойынша, ол 2026 жылғы 50 851 теңгеден 2030 жылы 63 289 теңгеге дейін көтеріледі.
Ең төменгі жалақы
Бұл ретте, 2026–2030 жылдарға арналған болжамда ең төменгі жалақы (ЕТЖ) өзгеріссіз қалып, 85 000 теңге деңгейінде көрсетілген.
Айта кетейік, бұл көрсеткіштер жыл сайын «Республикалық бюджет туралы» заңмен бекітіледі және экономикалық жағдайға байланысты түзетілуі мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін 50 жастан зейнетке шығып, өмір бойы қалай зейнетақы алуға болатыны туралы жазған болатынбыз.