"Қазақстанның 46 өңірінде жалпы қуаты 1 млн. кВт/сағ құрайтын жел станцияларын салу көзделіп отыр",- деді Б.Ақшолақов. Оның айтуынша, жоба жүзеге асырылғаннан кейін облыстардың энергетикалық балансы 40 МВт-қа дейін артады.
Сонымен бірге оның айтуынша, биыл "Жоңғар қақпасы" маңында пилоттық қуаты 5 МВт болатын желдің күшімен жұмыс істейтін электр станциясын сала бастау көзделген. Б.Ақшолақовтың айтуынша, желден қуат алатын энергетикалық жабдықтар шалғай аудандарды электрмен қамтамасыз етуге және қуат генераторларын құруға мүмкіндік береді.
Сарапшылардың болжамына сәйкес, 2030 жылға дейін күн қуаты дүниежүзілік энергияның 10 процентін, жел қуаты 15 процентін, су энергетикасы 9 процентін қамтамасыз ете алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті