Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанда 2032 жылға қарай тауарлық газ өндірісі 29,6%-ға артады.
Министрдің айтуынша, болжамға сәйкес, тауарлық газ өндірісінің көлемі 2025 жылғы 27,4 млрд текше метрден 2032 жылға қарай 35,5 млрд текше метрге дейін өседі. Бұл – 2025 жылғы нақты көрсеткіштен 29,6%-ға жоғары.
Болжамды көрсеткіштерге сәйкес, 2025 жылғы 27,4 млрд текше метрден 2032 жылы 35,5 млрд текше метрге дейін өсім күтіледі. Бұл 2025 жылғы нақты көлемнен 29,6%-ға артық, – деді Ерлан Ақкенженов.
Оның сөзінше, мұндай өсім Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында газ өңдеу қуаттарын іске қосу арқылы тауарлық газ өндірісін ұлғайту жобаларының жүзеге асуымен қамтамасыз етіледі.
Министрдің мәліметінше, қосымша тауарлық газ көлемі 2027 жылдан бастап кезең-кезеңімен өндіріле бастайды:
Айта кетейік, бұған дейін «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отырғанын мәлімдеген еді.