Маусымды әдеттегідей "Қазақстан Барысы" ( биыл төрт маусымын өткізді) мега жобасы бастайды. Екіншісі жақында ғана тұсауын кескен"Әлем Барысы" халықаралық турнирі, үшінші "Жас Барыс"(ІІІ республикалық турнир өтті) және соңғысы халықаралық "Еуразия Барысы" (биыл екінші маусымы).
2014 жылдың 22 қарашасында Тараз қаласында "Еуразия Барысы" халықаралық турнирі өтеді.
"Еуразия Барысына" 12 елдің балуандары қатысады. Командалық жарыс болғандықтан әр елдің намысын қорғау үшін 5 балуаннан келеді. Жарыс 60 келі, 70 келі, 80 келі, 90 келі және + 90 келі салмақ дәрежелеріндегі балуандар арасында өтеді.
Әдеттегідей жарысқа қатысушы елдердің балуандарын таныстыру рәсімін бастаймыз. Бірінші боп Әзірбайжан балуандарынан бастап отырмыз.
1. Ариф Шахларов.
Бойы: 160 см.
Салмағы: 60 келі.
1993 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– 2014 жылы сумодан Еуропа чемпионатының қола жүлдегері;
– 2014 жылы дзюдодан Әзірбайжан чемпионы;
2. Рамиль Гасымов.
Бойы; 170 см.
Салмағы: 70 келі.
1981 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– Самбодан 2009 жылы өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері;
– Самбодан 2010 жылы өткен Еуропа чемпионатының жеңімпазы;
– Дзюдодан 2011 жылы Әлем кубогының иегері.
3.Сейран Рагимов.
Бойы: 178 см.
Салмағы: 80 келі.
1985 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– 2004 жылы самбодан Әлем чемпионатының қола жүлдегері;
– 2005 жылы самбодан Еуропа чемпионатының қола жүлдегері;
Рост: 178 см.
4. Эльхан Раджабли.
Бойы: 172 см.
Салмағы: 90 кг.
1980 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– 2001 жылы дзюдодан Әлем чемпионатының қола жүлдегері;
– 2004 жылы дзюдодан әскери қызметкерлер арасында өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы;
– 2004 жылы дзюдодан Әлем кубогының бес дүркін жеңімпазы;
5.Заур Багиров.
Бойы: 184 см.
Салмағы: 115 кг.
1977 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– 2009 жылы сумодан Еуропа чемпионатының жеңімпазы;
– 2013 жылы қазақ күресінен өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері;