22 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, Қостанай облысында жел 18 м/с-қа дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл  облыстарында таңертең және күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді, күндіз найзағай ойнайды.

Қызылорда облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-18 м/с-қа дейін күшейеді, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.


Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында, Ақтөбе облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Оңтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.