22 жастағы Өзбекстанда туған қыз әлемнің үздік моделдері қатарына енді (ФОТО)

Ирина 1992 жылы Бұқарада дүниеге келген. Ол анасымен бірге 7 жасында Татарстанға көшіп кеткен. Кейін Қазан мемлекеттік технология университетінің сән және дизайн факультетіне түсіп, студент атанған. Ол әлі аталған оқу орнының студенті. Қазіргі ісіне байланысты академиялық демалыс алуына тура келген. 

Бұған дейін Ирина «Мисс Татарстан -2010», «Ресейдің бірінші вице-мисі -2010» титулдарын жеңіп алған. 

Соңғы жылдары Ирина Нью-Йоркте тұрады. Ол онда танымал Woman Model Management агенттігімен бірге жұмыс жасайды.