22-тамызда Алматыда ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің отырысы өтеді

Отырыстың күн тәртібінде 24 мәселе қарау көзделген. Солардың кейбіреуіне тоқталсақ, "ЕурАзЭҚ жалпы кедендік тарифін қалыптастыру туралы", "Өзара сауда-саттықта арнаулы қорғаныс шаралары, антидемпингтік және компенсациялық шаралар қолданылмаған жағдайда Қоғамдастыққа мүше елдердің ішкі рыногін қорғау тетіктері туралы" , "ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің өзара сауда-саттық, қызмет көрсету және инвестициялық іс-қызметінің ахуалы мен динамикасына әсер етуші факторларға жан-жақты талдау жасау туралы" мәселелер талқыланады.

ЕурАзЭҚ-на Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан республикалары қамтылады. Ал Армения, Молдова және Украина елдері Қоғамдастықта бақылаушы мәртебесіне ие.