Қазгидромет синоптиктерінің мәлімдеуінше, алдағы күндері жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, таулы аудандарда көктайғақ болжанады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда-тұман", - делінген Қазгидромет жариялаған хабарламада.
Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасы түнде 10-18 градус аязға дейін, еліміздің қиыр шығысында 23 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде.