23 наурызда Алматы хайуанаттар бағының орталық алаңында «Наурыз мейрамы» көрінісі өтпек

Мерекелік думанның негізгі қатысушылары- зообаққа келушілер, шақырылған қонақтар, олардың арасында Алматы қаласының Мәдениет басқармасына қарасты мекемелер өкілдері және Шымбұлақ шипажайы балалары болады. Сонымен бірге Әуезов ауданының мүгедектерді қайта қалпына келтіру және бейімдеу орталығының есебінде тұратын «Алатау» Қоғамының және Әуезов ауданы Мүгедектер қоғамының балалары шақырылады.

Мереке жаппай көңіл көтеру, ойын-сауық ұйымдастыру, конкурстар өткізу, пони аттары жарыстарымен әспеттеледі. Зообақ қызметкерлерінің арасында «Наурыз Аруы» байқауы өткізіледі, ал көрушілер үшін әр түрлі ұлттық салттар және әдет-ғұрыптар ұсынылады. Қонақтар, әсіресе, балалар үшін Шығыс Жұлдызнама кейіпкерлерін жануарлар қатысуымен карнавалды шоу-парады қызықты болады. Бұл мерекенің басты, дәстүрлі тағамы- жеті негізгі дәм: су, ет, тұз, май, ұн, дәнді-дақылдар (күріш, жүгері, сұлы) және сүттен тұратын Наурыз-көже болады. Барлық қонақтар мен келушілер ортақ мерекелік дастарханға шақырылады және көңілді түрде ұлттық тағамдарды татады.
Сонымен қатар, келушілер мен шақырылған қонақтарға түрлі қызықты бағдарламалар ұсынылады, оның барысында жас алматылықтар таза ауада дем алумен бірге туған өлкенің мәдениеті және дәстүрімен танысады.
Наурыз Мейрамы Әлемдегі ең көне, көктемгі жаңғыру мерекесінің бірі. Ол Шығыс халықтарында мұсылман дініне дейінгі бүкілхалықтық мереке, осы себепті онда діни дәстүрлер мен бағыттар жоқ. Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз- Жаңа жылдың басы, ол көктемгі күн мен түннің теңелу сәті.
Қалалық зообақ әкімшілігі Наурыз мейрамын Алматы қаласының Мәдениет Басқармасының республика халықтарының достығы мен бірлігін кеңейту мақсатындағы бағдарламасы аясында жалпы адамгершілік-ізглік дәстүрлерін нығайту, адам мен табиғаттың үйлесімділігін арттыру негізінде шынайы гуманистік рухты тәрбиелеуге бағытталады.
Қатысушылардың жалпы саны- 500 адамға дейін, оның 200-ден астамы балалар.