23 қыркүйекте Қазақстанда көліктерді тіркеу тоқтатылады

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» басқарушы директоры Мұрат Жұманбай Facebook желісінде мәлімдеді.

«2019 жылғы 23 қыркүйекте ҚР ІІМ мәліметтер базасында техникалық жұмыстың жүргізілуіне байланысты мамандандырылған ХҚКО-да көлік құралын қайта тіркеу және тіркеуге қою қызметтері сағат 10.30-12.30 және 17.00-19.00 аралығында жүргізілмейтінін хабарлаймыз.
Айта кетейік, бұл қызметтер, аталған уақыт аралығында, сондай-ақ электронды үкімет порталында да қолжетімсіз болады», - делінеді хабарламада.

Мемлекеттік корпорациядағылар көлік иелерінен уақытша қолайсыздықтар үшін түсіністік білдіруін сұрады.