Бұл туралы ҚР ІІМ көліктегі ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Автокөлікті қарау кезінде цистернадан олардың заңды екенін растайтын сәйкес құжаттарсыз 23 тонна дизельді жанар-жағармай табылды.
«Күдіктінің аталған дизельдік жанар-жағармайды Никельтау стансасындағы тұрғыннан алғаны белгілі болды. Бұл факті бойынша ҚР ҚК 183-1 бабының 1-тармағы «Мұнай мен мұнай өнімдерін оның ірі көлемде шығып, өңделуінің заңдылығын растайтын құжаттарсыз тасымалдау, алу, жүзеге асыру» бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында. Аталған бап екіден үш жылға дейін, сондай-ақ мүліктің тәркіленуімен бірге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.