Caravan Logo

23 жастағы мұғалім оқушыларымен жыныстық қатынасқа түскені үшін қамауға алынды

23 жастағы мұғалім оқушыларымен жыныстық қатынасқа түскені үшін қамауға алынды

Огайо штатында 23 жастағы мұғалім Маделин Маркс мектептің екі оқушысын азғырғаны үшін қамауға алынды, - деп жазады L!FE.

23 жастағы мұғалім орта мектепте екі жыл уақыт жұмыс істеген. New York Post мәліметінше, кейінірек оның бірден 17 және 16 жастағы оқушыларды азғырып жүргені анықталған. Осыған байланысты полицейлер мұғалімге оқушылармен көрісуге тыйым салған. Бірақ 23 жастағы мұғалім кінәсін мойындамай отыр. 

Сондай-ақ, оқушылардың бірінен оның жалаңаш суреттері табылған.


Полицияның мәліметінше, ол 17 жастағы оқушысын шілде айынан бастап, ал 16 жастағы оқушыны биыл қыркүйектен бастап азғырып келген. Мұның барлығы сабақтан тыс кезде болған. 23 жастағы мұғалімнің былтыр ғана университет аяқтағаны белгілі. Тергеу жүріп жатыр.